Жаңалық

#ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ҚОЛӨНЕРІ

Ұлы даладан табылған әшекей бұйымдар. Олардың көлемі мен салмағы, табылған жері және қысқаша сипаттамасы.

                                                                           

Мөр жүзік (түпнұсқа)

 

Есік қорғаны, б.з.д. V-IV ғғ.

Үлкен домалақ қалқаны бар, сақинасы енсіз етіліп, жапырылып құйылған үлкен мөр жүзік. Қалқанда европеоид нәсілдіге ұқсас адам басының бір қырынан қарағандағы пішіні ойылған. Басында он ұзынша ойықпен бас киімі (немесе сәнді шашы) бейнеленген. Мойнында киім жағасын немесе гривнаны білдіретін екі шоғырлас сызық бар.

Көлемі – 2,7х2,5 см;

Салмағы 22,10 гр болатын сары түсті металдан құйылған бұйым.

 

Ағашқа қонған құстың мүсіні

Бас киім әшекейі (түпнұсқа)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Алтын жапсырмамен қапталған құстың ағашқа бекітілген негізгі бөлігі денесін, созылған мойнын және басы мен тұмсығын бейнелеген. Құстың қанаттары бөлек жасалып, негізгі бөлігіне жалғанған. Оларды құстық арқасындағы арнайы ойшыққа жайылып тұрған қанаттар күйінде орналастырған. Тақтайша алтыннан қиылып алынған. Құс ағаштың діңін білдіретін алтынмен қапталған темір өзекке бекітілген. Алтынмен қапталған діңгектің ұштарында сақиналанып, алтын сымдармен оратылып жасалған бұтақтары да бар.

Көлемі – 3х3 см;

Н – 4,5;

Салмағы 3,80 гр болатын сары түсті металлдан жасалған әшекей.

 

Қос жебе түріндегі әшекей

Бас киім әшекейі (түпнұсқа)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Құстың қанаттары тәрізді екі ұзынша жолақтан тұратын қос жебе түріндегі әшекей. Әшекейдің жебе түріндегі бөлігінің әрқайсысы екі тіліктен құралған. Тіліктер екі сапқа жіңішке алтын баумен оралып бекітілген жебенің ұштары түрінде бейнеленген.

Көлемі – 38х2 см;

Салмағы 22,15 гр болатын сары түсті металлдан жасалған.

 

Сұлтан МҰСТАФИН,

Ruh.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button