Жаңалық

«RUHTY QAZAQSTAN» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ САПАР

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Баянауылдағы республикалық маңызы бар қасиетті орындарды аралауға арналған «Ruhty Qazaqstan» жобасы жүзеге асырылады.

Бұл туралы Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Нұрсұлтан Шайхин мәлімдеді.

– Маусым айының соңында «Ruhty Qazaqstan» жобасын қолға алмақпыз деді, Нұрсұлтан Шайхин. Бұл біздің бөлімнің авторлық жобасы. Жоба аясында ауданымыздағы республикалық маңызы бар 4 қасиетті орынға экскурсиялық тур ұйымдастырылады. Ең алдымен маусым айының соңында Жастар жылына орай ауданымыздағы жас мемлекеттік қызметшілерді алып барамыз. Кейін шілде айының басында өзге салалардағы таңдаулы жастарға экскурсия туры ұйымдастырылады. Экскурсиялық тур барысында жастар республикалық тізімге енген Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Жасыбай батыр зираты, Қоңыр әулие үңгірі және Мұса Шорман ауылындағы «Ақ келін» тарихи-мемориалдық кешенін аралайды.

Бөлім басшысы өңірге туристерді тарту мақсатында өзге аудандағы жастарға да тур ұйымдастыру жоспарда бар екенін атап өтті. Бұл жобада өзге аудандағы белсенді жастарды да қамту қарастырылған. Жалпы, ауданымызда 40-қа жуық жас мемлекеттік қызметші бар. Алдымен солардан бастайтын боламыз. Нұрсұлтан Шайхиннің айтуынша, қасиетті орындарды аралауға арналған «Ruhty Qazaqstan» жобасы жыл сайынғы дәстүрге айналмақ.

Оразбек Саяхат

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button