Жаңалық

«ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҒАЛЫМДАРЫ»

C. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Павлодар облысының ғалымдары» цифрлық энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде қолға алынған. Бұл ғылымның даму тарихы және Қазақстан мен Павлодар облысының ғылымына баға жетпес үлес қосқан жерлес ғалымдардың қызметіне қызығушылық танытатын пайдаланушыларға арналған бірегей ашық желілік ресурс.

Оған 17 сала бойынша 100 қаралы ғалымның есімі енгізілген, – дейді  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Айнель Мырзағалиева. – Цифрлы энциклопедияда жазбаны қалыптастыру үшін таңдаудың негізгі критерийі – ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы. Жобаны жасауға С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПУ, ИнЕУ және облыстық орталық кітапханалар жүйесі көмек көрсетті.

Тұсаукесер барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы, профессор Зифа Темірғазина, ғалым-лингвист, филология ғылымдарының докторы, профессор Равиль Вафеев, тарих ғылымдарының кандидаты, ПМПУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Анар  Кәрімова сөз сөйледі.

Рavlodarnews.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button