Жаңалық

Жас суретшілер көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Жастар жылы аясында жас суретшілер шығармашылығын қолдау мақсатымен 2019 жыл 2 тамызда «ArmandaStar» топтық көрмесі ашылды.

 

Республикалық көрмеге Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе, Петропавл қалаларының кәсіби маман ретінде енді танылып жатқан жас суретшілер өз туындыларын ұсынды.

Көрме жас суретшілердің шығармашылықтарынан жаңа ізденістерді, өз бейнелеу тілін қалыптастыруға деген талпынысты, өткенмен сабақтастықты көреміз.

Экспозицияда бейнелеу өнерінің кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, цифрлы кескіндеме сияқты түрлері қойылған.

Түрлі бейнелеу құралдары арқылы  бүгінгі күннің бейнесін суреттейді, олар өткенмен, бүгінмен және болашақпен тілдеседі.

Көрме экспозициясы қойылған жұмыстарының әртүрлілігіне қарамастан, олар әр қатысушының ерекшеліктері айқын көрініс тапқан тұтас бір дүние ретінде қабылданады.

Көрменің басты ерекшелігі – музей қонақтары осы уақытқа дейін көрермен назарында болмаған суретшілердің шығармаларымен танысады.

 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button