Жаңалық

The First Forum of Asian Countries Writers

Елордамызда «The First Forum of Asian Countries Writers» Азия жазушыларының форумы басталды. 

Бүгінде әдебиетіміз өзіндік сарынға ие болған, кемелденген, қалыптасқан әдебиеттер қатарында қылаңдайды. Бұл мақтанарлық дүние де. Алайда кез-келген тірі организм дамиды немесе құлдырайды. Сондықтан біз жеткен жетістіктерімізге алданбай, қарыштап дами түсуге ұмтылуымыз керек. Жаңа заман жаңа мәдениет пен жаңа әдебиетті талап етерін ескерген абзал.

Азияның ақын-жазушыларының тұңғыш форумы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен өткізілген болатын. Халқымыз рухани мұраларын сақтап, рухани мәдениетін жан-жақты қалыптастыруға баса назар аударады. Бұл таным тәуелсіз Қазақстанның жаңа бағытын айқындай түсетіні хақ. Әдебиет ардың ісі. Қазақ халқының әдебиеті – ғасырлар куә болған руханият пен салтты, таным мен түсінікті, тарихты бойына сіңірген алып әдебиет. Тоныкөк, Білге қаған, Қорқыт ата дастандары мен жырлары әдебиетіміздің түп-тамыры. Қожа Ахмет Яссауй сынды тұлғалардың еңбектері түркі жұртын төрткүл дүниеге таныстырғаны тағы бар. Сол қилы кезеңдерден бастау алатын поэзия дәстүрі осы күні де үзілмегені, жалғасын тапқаны алты Алашқа аян. Қазақ әдебиетінің асқар шыңға шығуы ұлы хәкім – Абай Құнанбайұлының атымен тікелей байланысты. Абай шығармаларын жалпы қазаққа ортақ жауһар.

Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кең. Біздің әдебиетіміз арқылы күллі әлем біздің болмыс-бітімімізді, мінезіміз бен жігерімізді, тағдырымыз бен тарихымызды таныды. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармасы БҰҰ-ның 6 бірдей тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Бұл біздің әдебиеттің деңгейін тағы да бір айқындай түскен дәйек. Бұл туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни 2,5 млрд оқырман қолына жетеді. Бұл қазақ әдебиеті тарихында бұрын соңды болмаған құбылыс.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзінше:

Қазақ халқы дүниенің бастысы мен шығысын, солтүстігі мен оңтүстігін жалғаған тоғыз жолдың торабында орналасқан. Біз Алтын Ордадан тараған түркі халықтарының рухани қазынасын сақтап қалған ұлтпыз. Бүгінгі түркі жұртының жеткен жетістіктері сол дәуірлерден қалған ұлы мұраларымызбен тығыз байланысты! Азия ұлы шығармалардың дүниеге келуіне, қалыптасуына сеп болған үлкен құрлық.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сөзінде бүгінгі форум қарастыруы керек бірнеше мәселеге тоқталып кетті. Ол жайлы келесі мақалада.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button