Жаңалық

Astana Media Week 2019

«Astana Media Week» медиа-апталығы 3 күнге созылады.

 

Әр күні медиа саласындағы серіктестік қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуына елеулі үлес қосатын түрлі бағыттағы шаралар жоспарланған.

 

Берісі Ресей, арысы Үндістаннан спикерлер келеді. Медиа саласының мамандары 3 күн бойы пікір алмасып, тәжірбиемен бөліседі.

 

Сондай-ақ өндіріс компаниялары үшін продюсерлерден және бағдарлама директорларынан бірқатар семинарлар мен мастер-класстар өтеді. Қонақтарды мазмұнды шаралармен қызықтыратындай түрлі бағдарлама жасалды.

 

Халықаралық спикерлер қатарында Star Media кинокомпаниясының вице-президенті Никита Тринкин, белгілі қытайлық продюсер У Цзян, поляк режиссері және продюсер Дариуш Яблонски және Үндістаннан келген NFDC Халықаралық тарату және маркетинг бөлімінің бастығы Дипли Чаула бар.

 

Қазақстан атынан «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Танысбай, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев, режиссер және продюсер Рашид Сүлейменов, фильм продюсері Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Еуразия теледидар және радио академиясының академигі Алия Увальжанова қатысады.

 

Медиаиндустрияның 60 отандық және шетелдік топ-менеджерлері мен 50-ден астам өндірістік компаниялары қатысқан болатын.

 

Медиа апталық кезінде республикалық басты арналардың жаңа маусымының ашылу рәсімі өтеді.

 

Осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап бере отырып, ұйымдастырушылар нәтижені саланың жетекші сарапшыларының шеберлік сабақтарымен біріктіреді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button