Жаңалық

Үш бәйтерек. 125 жыл

Іс-шараның мақсаты: жазушы, ақын, драматург, публицист Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын рухани жаңғыру контексінде әрі филологиядағы соңғы парадигмалар тұрғысынан қарастыру және көпшілікке насихаттау.

3 қазан күні ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек мұраты және әдеби дәстүр сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Іс-шараның мақсаты: жазушы, ақын, драматург, публицист Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын рухани жаңғыру контексінде әрі филологиядағы соңғы парадигмалар тұрғысынан қарастыру және көпшілікке насихаттау.

Конференция спикерлерінің қатарында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д., Алматы қалалық мәслихат депутаты Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Серік Асылбекұлы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д. Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Күләш Ахмет, әдебиеттанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, жазушы Елдос Тоқтарбайұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиетінің 2 курс PhD докторанты, жазушы-драматург Әлібек Байбол, әдебиет сыншысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бағашар Тұрсынбайұлы және басқа зерттеуші ғылыми мамандар болды.

Зерттеуші мамандар ұлттық әдебиеттің алыбына айналған шығармашыл тұлғалардың түрлі жанрдағы зерттеу еңбектері жайында да ой-тұжырымдар ұсынды. Сонымен қатар, олардың жеке көркемдік ұстанымдарын анықтау, әдеби-көркем және ғылыми мұрасына қатысты зерттеу жұмыстарымен танысу, туындыларындағы негізгі тақырыптардың бейнелену жолдарын жаңа ғылыми парадигма аясында талдау, отандық фольклортану мен әдебиеттануды дамытуға қосқан үлесін саралау, шығармалардың шет тіліне аударудың маңызын бағамдау, насихаттау жұмыстары қарастырылды.

Іс-шараға қазақ әдебиетінің үш бәйтерегінің шығармашылық мұрасын сан қырынан зерттеген оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің әдебиеттанушы, фольклортанушы мамандары, студент, магистрант, докторанттар қатысты.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button