Жаңалық

Киім көркі – қапсырма (инфографика)

Қапсырма – қамзол, кәзекей, кеудеше тәрізді әйелдердің сыртқы киімінің екі өңірін бір-біріне қаусырып тұратын ою-өрнекті, сіркелі, асыл тасты, асты ілгекті күміс әшекей. Оның астыңғы бетіне киімнің екі өңірін бір-біріне бекітетін ілгек орнатылады. «Қапсырма» сөзі қаусыру сөзінен туындаса керек. Оны қазақ зергерлері қыз-келіншектер киімін сәндеу үшін жасаған. Сөйлеу тілінде қаптырма, қаусырма, тістестірме деп де атайды. Қапсырманың өңірге тағылған екі бөлігінің сыртқы формасы да, бетіне жүргізілетін ою-өрнегі де, ортасына орнатылатын тастары да бірдей болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button