Жаңалық

«Ділмар»

Шешендік өнер байқауы өткізілмек.

Халқымыздың ғасырлар бойғы билік жүйесі, тұрмыс салты, өмірлік тәжірибесі, өзара қарым-қатынасы негізінде қалыптасып, дамып, кемелденген өнері – шешендік. Оның қоғамдық, әлеуметтік және саяси мән-маңызы, рөлі мен қызметі айрықша. Шешендік өнер – тарих, этнография, мәдениет, педагогика, психология, филосифия, діни ұстаным, т.б. сан алуан саланы қамтитын, көп ғасырлық тарихы бар, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ереше өнер түрі. Алайда бүгінгі буын шешен сөйлеуге дағдылану түгелі, тіл тазалығын, сөйлеу мәнері мен мәдениетін дұрыс сақтай алмайтын күйге түсті.

Бабалардың бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыра отырып, өмірде қолдануға бағыттау, ынталандыру – ұлт жанашырларының басты міндеті һәм жауапкершілігі. Қарапайым халық түгелі, атқамінерлердің ана тілінде жөнді сөйлей алмай, халықпен тіл табыса алмауы – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды.

Осындай олқылықтардың орнын толтырып, келеңсіз кемшіліктерді бүгінгі буыннан батап түзету мақсатында «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» демеушілігі, Абай атындағы РММИ-дың ұйымдастыруымен ІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өткізілмек. Оған еліміздің 14 облысы, 3 қаласы, республикалық мектеп-интернаты мен білім беру ұйымдарынан іріктелген оқушылар қатысып, үш кезең бойынша жарысқа түседі.

Қатысушылар би-шешендерден оқып білгенін мәнерлеп жатқа айтып, сауатты сөйлем құрау мен белгілі тақырып төңірегінде мағыналы, көркем ойға құрылған ой-пікірлерін ауызша жеткізуден жарысады. Сөз жүйріктерінің өнеріне академик, профессорлар, әдебиет пен өнердің майталман мамандары қазылық жасап баға береді. Бас жүлде иесіне 50 000 теңге сыйақы беріледі. Өзгеде де жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен алғыс хат табысталады. Қызықтың көкесі осы байқауда болады!

Жоба жетекшісі әрі демеушісі: «Зейнолла Сәнік атындағы   мәдениет қоры»

Ұйымдастырушы: Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Митин көшесі, 6-үй.

Уақыты: 05 қараша күні, 09:30 – 18:00

Байланыс: 8705 330 99 55 (Жарқын)

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button