Жаңалық

Домбыра және басқа ұлттық аспаптар

Қазақта домбырадан басқа көптеген ұлттық аспап түрлері бар. Жетіген, қобыз, саз сырнай, шертер, адырна, асатаяқ, дауылпаз және т.б. Осының барлығы қазақ музыка мәдениетінің кеңдігінің дәлелі

Бір домбыра жасау үшін 4-5 түрлі ағаш керек. Қазақстанда қызыл және қара ағаш мүлдем өспейді. Бізде еменнің бір ғана түрі өссе, шетелде оның бірнеше түрі бар. Бірақ, бұл ағаштардың бәрін қазіргі таңда елімізден табуға болады.

Қара ағаштан немесе жаңғақтан қалыңдығын 3 миллиметрдей етіп, домбыраның шанағын ойып шығару қажет.

Содан кейін қалыңдығы 2,5 немесе 3 сантиметр көлемде домбыраның мойын ағашы әзірленеді. Мойын ағаш адамның ұстауы үшін өте ыңғайлы болуы тиіс.

Кейін шанақ қалыпқа салынып иіліп, пеште күйдіріледі. Тұлыбы құралған соң, домбыраның құлағы орналасатын бас ағаш бекітіледі.

Бұлардан кейін шанақтың бетін дайындау керек. Оған да төрт түрлі ағаш қажет.

Бөліктері өзара желімнің көмегімен жабыстырылады. Дайын болғанда домбыраны әбден сүргілеп, оюлап, лак жағу керек.

Соңында құлағын салып, ортасынан тесік ойылады және ішек байланып, тиегі салынады.

Домбыра формасына, жасалу түріне, материалына және дыбысына қарап таңдалады.

Көбіне дыбысына қарап таңдалады. Себебі оны күй болса, күйге қалай келу керектігі, яғни, шертпе күй немесе төкпе күй бола ма – соған лайықты етіп алу керек.

Ал әншілер оны даусына қарай, тембріне қарай таңдайды. Сондай-ақ, көбіне домбыраны үлкен-кішілігіне, дәстүріне қарап алады.

Қазақта домбырадан басқа көптеген ұлттық аспап түрлері бар.

Жетіген, қобыз, саз сырнай, шертер, адырна, асатаяқ, дауылпаз және т.б.

Осының барлығы қазақ музыка мәдениетінің кеңдігінің дәлелі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button