Жаңалық

Ауылым – алтын бесігім

6 қараша күні Қызылорда қаласында «Жастар орталығы» ғимаратында Қармақшы және Байқоңыр қаласының Жастарының күні өтті.

Шара барысында Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласының жастары белсенді өнер көрсетті. Шараның ашылу салтанаты қазақтың ұлттық аспаптарының үйлесімді күйімен ашылды.

Аудан жастарының қолымен жасалған өнімдерінен көрме, стритболдан жарыс, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Отан алдындағы борышын атқарудан жалтару» тақырыптарында дебат ойындары, ауданнан шыққан тұлға Н. Құлмырзаевпен және Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ә. Ыбрахиммен «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында кездесу өткізілді. Шара соңы Байқоңыр қаласы жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Қызылорда облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button