Жаңалық

«Қазақты қайта танытатын құнды дүние»

Сәтбаев Университетінде «Қазақты қайта танытатын құнды дүние» атты сахналық қойылымдар байқауы өтті

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында университеттің студенттік жатақханалары арасында «Қазақты қайта танытатын құнды дүние» атты сахналық қойылым байқауы өтті.

Іс-шараның мақсатыЖастар тәрбиесі және отбасылық құндылықтарды нығайту, ұлттық дәстүрлерді жандандыру, жастарды рухани жаңғырту, сонымен қатар, дарынды жастардың талантын ашу.

Байқаудың қазылары – Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесініңменеджері Айзат Сахова, кино актрисасы, кастинг-директор, режиссер Мадина Кульсеитова, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Нұргүл Мыңғатова, кино актрисасы Әлия Жанатқызы және Студенттік мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Айгерім Есбосынова байқауға қатысқан төрт жатақхана студенттерінің өнеріне жоғары баға берді.

Іс-шара барысында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі идеялары, жас ұрпақты тәрбиелеу, отбасылық құндылық тақырыптары көтерілді.

«Ең үздік қойылым» номинациясы бойынша №2 жатақхана студенттері, «Үздік ұл бала рөлі» номинациясы бойынша 1 курс студенті Махаш Нұрасыл, «Үздік қыз бала рөлі» номинациясы бойынша 2 курс студенті Султанбаева Гузал жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button