Жаңалық

Ұлттық құндылықтардың жалпы адамзаттық құндылықтарға бастауы

Қазақ инженерлік-технологиялық университетінде «Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтардың жалпы адамзаттық құндылықтарға бастауы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

«Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтардың жалпы адамзаттық құндылықтарға бастауы». Осындай атаумен 21 қараша күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар жылы аясында, Ұлы Ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Іс-шара барысында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған 100 кітап және Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған көрме қойылып, Жастар жылы аясында Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «ҚазИТУ студенттерінің жеті ниет түрткісі» деп аталатын жобасының тұсаукесері мен «Мамандық үздігі – 2019» байқауы жеңімпаздарының қайырымдылық акциясы өтті.

«ҚазИТУ студенттерінің жеті ниет түрткісі» деп аталатын жобаның басты мақсаты – Рухани жаңғыру үрдісінің мазмұндық және идеялық арқауын Абайдың рухани мұрасымен байланыстыра отырып, Абай тағылымын оның «Кемел адам» концепциясының ұлттық құндылықтардың арқауы етіп, соның негізінде оқу-тәрбие үдерісін жаңа сапалық деңгейге көтеру болып табылады. Конференция «Жастар секциясымен» жалғасын тапты. Секциялық мәжіліске Республика бойынша ЖОО орындарынан келген 60-қа жуық студент өз баяндамалары мен жобаларын қорғады.

ҚазИТУ ректоры Г.А. Сарсенбекова конференцияны кіріспе сөзімен ашып, «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін тәуелсіз Қазақстанның төл тарихындағы ұлттық сананы жаңғыртудағы маңыздылығы мен өркениетті елдер қатарына қосылуда жалпыадамзаттық құндылықтардың орны орасан зор екендігін атап өтті. «Осы бағытта Жастар жылы аясында университетімізде ұлттық құндылықтарды тәрбиенің негізі ете отырып, көптеген іс-шаралар мен жобаларды іске асыруда. Жобалардың мақсаты, ең алдымен жастардың өзін ұйымдастыра отырып, қоғам уақыт талабымен бірге қойып отырған өзекті мәселелерге өз күштерін жұмылдыра білу болып табылады. Қазіргі қоғамға, жұмыс берушіге адамшылығы мол, елжанды, креативті, белсенді өмірлік ұстанымы бар, көшбасшылық қасиетке ие, сыни ойлауға қабілетті жастар ұлт болашағы» деп болашаққа деген парасатты пікірлері мен ой-болжамдарын, көзқарастарын білдірді.

Одан әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, конференция қонағы Осман Асылы Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі рухани құндылықтар мен ана тілінің маңыздылығына кеңінен тоқталып: «Ұлттың жаны, рухының үні, ең қымбат дүниесінің алтын қоймасы – тілі. Жастарға айтарым: Білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық болуы керек. Біз бәріміз қазақ тілінің құдіреттілігін, қазақ тілінің әуезділігін, байлығын, шұрайлылығын елге жеткізіп айта білуіміз керек. Ұлтының ұлттық құндылықтары мен мемлекеттік тілін қадірлеу – нағыз рухани жаңғыру негізі» деп жастарды қанатты сөздерімен жігерлендірді.

Республикалық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев қоғамдық сананы жаңғыртып, рухани құндылықтарды дәріптеуде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары саналылығын қалыптастырудың маңызын атап, мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті болуына және сананың ашықтығын дамыту мен прагматизмге кедергі жасайтын әлеуметтік кесел ретіндегі жемқорлықты жою керектігін баяндады. Осы орайда еліміздің барлық университеттері адалдық пен ізгілік құндылықтар негізінде қабілетті қоғам азаматтарын маман ретінде дайындауға көшуі тиіс деп атап өтті.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button