Жаңалық

«Күзгі салон»

«Күзгі салон» атты қалалық көрме-байқау өтті

29 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Күзгі салон» атты қалалық көрме-байқау өтті.

Ұйымдастырушылар: Қазақ Ұлттық Өнер Университеті, Көркемсурет факультеті, «Сценография, сәндік өнер, кескіндеме және мүсін» ПЦК-сы.

Көрменің басты мақсаты – бейнелеу өнерінің деңгейін жаңа сатыға көтеру. Өйткені, әрбір көрме шебер-сыныбы секілді. Көрмеге қатысушы балалар 7-жастан бастап 19-жасқа дейінгі жастар бейнелеу өнерінің қыр сырымен танысып, академиялық білім алып, шеберлігін ұштастырумен айналысты.

Елордамыздағы көркемсурет мектептері мен колледждеріне шақыру хабарламасы жіберіліп,  нәтижесінде Оқушылар сарайы мен «Өнер» студиясы көрмеге қатысуға қызушылық білдіріп, қатысты.

Көрме–байқауда оқушылар мен студенттер шығармашылық жұмыстарының деңгейін салыстырып қарап, ары қарайта жаңа серпін, талпыныспен жұмыс істеуге күш алады деген сеніммен ұйымдастырылды.

Әр жастың ерешелігі ескеріліп, қатысушыларға әртүрлі номинациялар ойластырылып, жүлделі орындар аталып өтті. Көрмеге тапсырылған мүсін, көркем тоқыма, кескіндеме салаларындағы туындылар орындалу сапасына, шеберлігі мен үйлесімділік құрай білу қабілеттеріне қарай бағаланды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button