Жаңалық

Димаштың еліне айтқан бір ауыз сөзі (Эксклюзив)

Дарынды қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым мен мәдениеттің 36 көрнекті өкілдеріне, оның ішінде белгілі әнші Т. Асар мен Д. Құдайбергенге, ғалым А. Жұмаділдаев, киноактер Н. Есімғалиевке, дирижер Р. Салаватовқа, балет әртісі Е. Семенова және т.б.берілді», – делінген құжатта.

12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан» ОКЗ мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне салтанатты түрде мемлекеттік наградалар табыс етілді. Марапаттарды ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыстады.

Димаш Құдайберген «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болып, барлығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Әнші өзінің отбасы мен жанкүйерлеріне ерекше разылығын білдірді. Сондай-ақ RUH.KZ тілшілерімен кездесуде Қазақстан халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады:

«Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қайғы, мұң дегенді білмей, қуанышта, қызықта ғана қауышайық. Барлығымыз аман болайық!»

Мемлекеттік наградалар мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталады.

Айта кетейік, жуырда Димаш Құдайберген «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атанды. Ол тек Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ өзінің шағын отанын бүкіл әлемге танытқаны үшін бұл марапатқа әбден лайық!

Осы айдың басында Димаш Құдайберген «Жыл әні» сыйлығының «Жыл әншісі» атанды және Ресейде «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті.

10 желтоқсанда Димаш Құдайберген Нью-Йорктың «Barclays Center» аренасында жаңа «Arnau tour ENVOY» шоуымен әлем назарын аударды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button