Жаңалық

Ахмет Байтұрсынұлы: балық туралы не білесің (инфографика 5+)

Құрметті ата-аналар, Ruh.kz порталы бүгіннен бастап балаларға арналған контент ұсынуды бастайды. Бірақ бала тілін табу оңай емес. Ол үлкен ізденісті, әсіресе педагогикалық білім мен тәжірибені қажет етеді. Оны тағы ұлттың болмысымен байланыстыру, сол ұлттың психологиясымен үндестіру – оңай шаруа емес. Сондықтан бұл мәселеде Алаш арыстарының еңбектеріне жүгінгенді жөн санап отырмыз. Ал істің басын ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан бастауды құп көрдік.

Ахмет атамыздың балаларға арнап жазған еңбектерінің тілі жеңіл, ойы нақты. Ұлттың рухымен, мінезімен біте қайнасып жатыр. Сол себепті де дәл осы бағыттағы еңбектерді жариялап қана қоймай, жинақтап, мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға жетуіне атсалыспақ ойдамыз. Материалдарды міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде жариялаймыз. Жүктеп алып, балаларыңызбен бірге пайдалануға шақырамыз.

Сізге деген құрметпен, Ruh.kz порталы ұжымы.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button