Жаңалық

«100 жаңа есім». Жеңімпаз атануға тек дауыс маңызды емес

Сөйтіп, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ауқымды жобасының үшінші кезеңі де мәреге жетті. Нақтылар болсақ, бұл маусым 39 жасқа дейінгі жастарды ғана қамтыды. Кімдер жеңімпаз атанды, ол қай саланың маманы, алдынғы мақаламызда айтып өттік.

Сала демекші, үздіктер арасында әртүрлі мамандық иелері бар: отбасынан жырақта ел тыныштығын қорып, бірі нәзік табиғатына қарамастан алып машина құрастырып, бірі өзіндік орны бар алпауыт компаниялардың басшысы қызметін атқарса, бірі ІТ саласында елеулі жетістіктерге жетіп, енді бірі бар ынтасы мен білімін ұстаздыққа арнаған. Әр жеңімпаздың жүріп өткен жолы өзінше бір тарих.

Еске сала кетейік, жобаға еліміздің әр өңірінен мыңнан астам үміткер қатысып, бақ сынады. Арнайы құрылған әділқазылар алқасы бұл ретте қатысушыларға жинаған дауысты ғана емес, сондай-ақ олардың өмірдегі шынайы жетістіктерін таразыға салды.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button