Жаңалық

Шымкентте поэзия алаңы ашылды

Шымкент қаласындағы «Жеңіс» саябағында «Мәртебелі поэзия мінберінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Поэзия алаңы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың қолдауымен ашылды.

Алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар мен философиялық лекциялар осы өлең мекенінде өтетін болады.

Салтанатты жиында қала әкімі Ерлан Қуанышұлы қаламгер жастарға ыстық лебізін жеткізіп, шығармашылық шабыт тіледі.

Ерлан Қуанышұлы, қала әкімі: «Поэзия алаңының аурасы ерекше, қала тұрғындарының сүйікті саябақтарының бірі – Жеңіс саябағында ашуды жөн деп ұйғардық. Өлең сүйер қауым, оқырмандар жазушы, ақындармен кездесуге осында жиналады деген үміттеміз. Әр жұма сайын поэзия кешін ұйымдастырамыз. Қыс мезгілінде, әзірге «Отырар» кітапханасында өтеді. Күн жылынған соң, осы жерде ұйымдастыратын боламыз».

Кеш қонағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы да сөз алып, құттықтауын жеткізді.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button