Жаңалық

АҚШ-та әл-Фараби, Абай бейнеленген монета мен марка шықты

АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды

Вашингтонда Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы бейнеленген ескерткіш монеталар мен пошта маркалары шықты. Бұл бастаманы еліміздің АҚШ-тағы елшілігі қолға алған. Тиынның бір жағында әйгілі ойшыл Әл-Фарабидің суреті болса, екінші жағында «Рухани жаңғыру» логотипі кескінделіпті. Сондай-ақ елшілік биыл ұлы тұлғалардың құрметіне арналған бірқатар іс-шара жоспарын дайындап қойған. Атап сайтсақ, Америкадағы белді университеттерде отандық фильмдердің көрсетілімін өткізу, қазақ ғұламаларының өмірі мен шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған ХIX ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылған.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button