Жаңалық

«Салты жақсының – халқы жақсы»

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №10, №34 ,№54, №65, №80 мектептерінің «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытына сәйкес «Салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырың, дәстүрің – дәулетің» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№34 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Салты жақсының – халқы жақсы» атты ТЕD-х өткізілді.

Оқушылардың бойына ұстамдылық, қанағатшылдық, жастар жан-жақты білім-дағдысы мен белсенділігін мектеп жасынан бастап, нығайту бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шараның бірінші бөлімінде қатысушылар «Қолөнермен таңғалдыр!» ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін кәдесый қорғады.

Нағыз қызықты сәт салт-дәстүрді насихаттап таратуға тұрарлық идеяны 5 минут ішінде қорғау болды. «Салты жақсының – халқы жақсы» атты ТЕD-х жобасы бойынша бас жүлдені №54 МЛ, І орынды №65 МГ, ІІ орынды №34 ОМ, ал ІІІ орынды №10 МГ қанжығасына байлады.

«Салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырың, дәстүрің – дәулетің» жобасы аясында «Quizizz» ойыны жүргізілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button