Жаңалық

Хәрри Поттерді қазақша сөйлеткен кәсіпкер кім?

Әлемнің 80 тіліне аударылып, 400 миллионнан астам данада сатылған танымал шығарманың енді қазақша нұсқасы да бар.

Шынымен-ақ, роман өзбек, моңғол тілдерінде де жарық көрген. Ана тілімізге аудару идеясының авторы – Раиса Қадырқызы.

Раиса Қадырқызы, кітаптың авторы:

Қандай бір кітапқа аударма жасаған кезде сол елдің құндылықтарын, нюанстарын сақтап қалуға тиістіміз. Мысалы біздің Абай атамыздың жазған кітаптарын, оның ішінде қазақтың құндылықтарын қазақ тілінен ағылшын тіліне еш мағынасыз аударып, дұрыс түсіндіріп бере алмаса, онда аударманың қажеті қандай?! Сол сияқты біз кітапты аударғанда, шамамызша, Англияның өз ерекшеліктерін ескеріп аудардық. Гарри Поттер романында факультет жүйесі бар. Ондай жүйе қазақтың оқу жүйесінде жоқ. Алайда Ұлыбританияда бар. Соған орай еңбек ағылшын тілінде қалай жазылса, дәл солай тәржімаланды. Қазақылыққа ешбір бұрмаланбай, түпнұсқа күйінде жарыққа шықты. Бұл жерде ешқандай да ұлттың менталитетіне сәйкестендіру деген дүние болмайды. Тек сөз жағынан, қазақша қандай ең жақын сөз орамдары бар, соны келтіріп, балансын ұстап шығарды.

Автор жайлы қысқаша мәлімет:

Ол Steppe World & Publishing баспасының негізін қалаған. Моңғолия мемлекетінде туып, көп жыл Таяу Шығыс, Ұлыбритания, Германия мен Нидерландта тұрған. Каирдағы Америка университетінде саясаттану және гуманитарлық бағыттар, Лондон университетінде шығыстану, Ерасмус университетінде қаржылық менеджмент саласы бойынша білім алған. «Сізге өтірік, маған шын» дегендей, Раиса Қадырқызы Джоан Роулингтің атақты бестселлерін тек естіп қана қойғаны болмаса, оның ертегілер әлемімен 30 жастан асқаннан соң

барып танысқан көрінеді. Автор кітаптың ағылшынша нұсқасын 2012 жылы 6 жасар ұлымен оқып бастаған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button