Жаңалық

Ұлттың негізгі көрсеткіші – ішкі даму

«Қазақстандық отбасылар – 2020» ұлттық баяндамасы

Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Отбасы институтын зерттеу орталығы залында дөңгелек үстел өтіп, аталған баяндаманың мазмұны кеңінен талқыланды.

Алия Сагимбаева, Қазақстан родологиялық орталығының басшысы, Родологтар халықаралық лигасының Вице-президенті, родолог-тектанушы:

– Менің түсінігімше, рухани жаңғыру – әр адамның өзінің рухын жаңғыртуы. Өзінің рухын жаңғырту отбасыдан басталады. Отбасы текке барып тіреледі. Қазақстанда тұратын әр ұлттың тіліне, діліне, салт-дәстүрлеріне тіреледі. Осыған қатысты «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген ата-бабаларымыздан келе жатқан дана сөз де бар.

Ерлан Саиров, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры:

Біздің кейбір ұлттық құндылықтарымыз дүниежүзінде үниверсалды және ол қазір бізге қажет. Біз, керісінше, кейбір ұлттық дәстүрлерімізден қашып, ұяламыз. Қазіргі заманда соларды қайта қолданысқа енгізу керек. Одан кейін демографияның мәселесі – Қазақстан болашағының мәселесі болады. Әрбір ұлттың, әрбір мемлекеттің ең негізгі көрсеткіші – ішкі даму. Біздің демографиялық дамуымыз – жанұялық құндылықтарды дәріптеуімізден бастау алады.

Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді: ұлттық баяндаманың құрылымы жобасының тұсауын кесу (ұлттық баяндаманың болашақ бөлімдері, халықаралық тәжірибеге шолу, статистика), шақырылған сарапшылардың баяндамаларын талқылау, ұсыныстарды қабылдау және қорытындылау.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button