Жаңалық

Абайдың дастаншылары

Осы түнде, ас піскенге дейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ ауылынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, кол жуғалы қамтанған уақытта Абай:

– Мұны айтан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен? – деп, бағанадан бері өзін сүйсіндірген ақынның атын білмек еді.

–        Әріден келе жатқан деседі-ау, бала, бұның түбін… – деді Барлас ақын.

Қобыландының қоштасқаны, Тайбурылдың шабысы, Қазан мен Қобыландының жекпе-жегі Абайды еліткендей болатын. Жатқанда көпке дейін елегізіп, ұйықтай алмады. Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба, не Барлас пен Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп, соқтырып, есіп желген әннен бе?.. Бебей қаққан қоңыр, майда баяу домбырадан ба? Қалай да болса Абай бұл күнге шейін дәл осы Барлас пен Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар ешнәрсе есітпеген сыңайлы болды. Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайтын болды. Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы үлкен ауылға ханбазардай қалың жиын үйі қып жіберді.

«Абай жолы» роман-эпопеясы,

«Қайтқанда» тарауынан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button