Жаңалық

Еріктілер үйі ашылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың волонтерлар ұйымы өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында волонтер жылында атқарылатын жұмыстардың жоспарын талқылады.

Қала әкімі атап өткендей, ізгі ниетті шаһар тұрғындары өмір сүрудің барлық салаларында белсенді және қала қауымдастығының ажырамас бөлігіне айналған. Жиынға қатысушылар «мейірімділіктің қалалық шеруін, экологиялық жүгіруді ұйымдастыру, қаланы жасылдандыруға қатысу, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және оқушылардың заңнамалық сауаттылығы бойынша сабақтар өткізу» сияқты ұсыныстарды талқыланды.

Волонтерлар донорлықты қолдап әрі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негіздерін үйретеді. Қалдықтарды жеке жинау, хайуанаттарды қорғау мен сақтау мәселелері де  маңызды екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, аз қамтылғандарға, жалғыз басты, қарт адамдарға және ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға көмек көрсетілетін болады. Қала әкімі Б. Сағынтаев волонтерлық жобалардың барлығын қолдайтығын айтты.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button