Жаңалық

«Рухани жаңғырудың» амбассадорлары кімдер?

«Азаматтық алаңның» негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға халықты кеңінен тарту.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы елшілерін енгізу және лайықты тұлғаларды, қоғамдық пікір көшбасшыларын бекіту Бағдарламаны дамытуға жаңа серпін береді, сондай-ақ жалпы халық назарын құнды бағыттарға аударады. Осы орайда Бағдарламаның жаңа арнайы елшілері таныстырылып, мына тұлғаларға:

«100 жаңа есім жобасы» бағыты шеңберінде физик, тренер, оқытушы, 2017 жылғы жоба жеңімпазы Ернұр Рысмағамбетовке;

«Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты шеңберінде этнограф, ұлттық тағамдар жөніндегі сарапшы Әйгерім Мұсағажиноваға;

«100 жаңа оқулық» арнайы жобасы шеңберінде аудармашы, ғалым, «Ұлттық аударма бюросының» басшысы Рауан Кенжеханұлына;

«Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері, кәсіпкер Сауэр Иван Адамовичке;

«Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы шеңберінде қазақстандық тарихшы, халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қуандықұлы Қыдырәліге; 

куәліктер табыс етілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button