Жаңалық

Бас мүфти үлкен жаңалықпен келді

Бүгін елордадағы ҚМДБ ғимаратының мәжіліс залында «Қасиетті Құран: мағынасы мен түсініктемелері» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Танытым шарасына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Парламент депутаттары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен дін қайраткерлері қатысты.

Жаңа еңбек Құран аяттарын тікелей мағынасында түсіну, жастардың деструктивті ағымдар арбауына кетпеуіне ықпал ету мақсатында жарық көруде.

Құранды араб тілінен аударған – исламтанушы, ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров. Қазақ тілінің әдеби мәнерімен өрнектеп, редакциялаған – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Нұржан Мұраталиев.

Танытым шарасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құранның адамзатты надандықтан, зұлымдықтан тура жолға, ілім мен өркениет жолына бастайтын Хақ кітап екеніне тоқталды.

Сондай-ақ Бас мүфти Ершат Ағыбайұлының бұл еңбекті дайындауда әл-Матуриди, ән-Нәсәфи, әл-Жәләләйн, әл-Әлуси сынды ханафи мәзһабының ғұлама-ғалымдары мен тәпсіршілердің кітабынан өз нұсқасынан аударып шыққанын, кітапты дайындауда бірнеше жылын сарп еткенін айрықша атап өтіп, алғыс білдірді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button