Жаңалық

Еліктегіш түсінік дегеніміз не?

Алдыңғы санымызда қайырымды қаланың барлық тұрғындары білуге тиіс, барлығына ортақ дүниелерді талдаған едік. Бүгінгі мақалада сол заттардың қандай әдістер арқылы танылып, қанша категорияға бөлінетіні туралы сөз қозғалады.

Заттар екі әдістің бірімен танылады:

1. Бұл заттар олардың жан жүйесінде нақты өмір сүрген күйінде бейнеленеді;

2. Бұлар жан жүйесінде ұқсастық немесе еліктеушілік арқылы бейнеленеді, ал бұл жағдай сол жандарда заттардың өздеріне еліктейтін бейнелер пайда болғанда кездеседі. 

Мәселен, қалада даналар бұларды дәлелдеме арқылы және өз интуициясы арқылы танып біледі; даналардан тағлым алушылар, соларға наным, сенім артушылар бұл заттарды сол даналар көрген қалпында танып біледі; басқалар бұларды еліктеуіш түсініктер арқылы таниды, өйткені олардың ақыл-ойы жаратылысынан немесе үйреншікті дағдысы бойынша бұл заттарды нақты өмірдегі қалпында тануға қабілетсіз келеді.

Зат атаулының бәрі білім объектілеріне айналады, алайда даналарға дарыған білім – сөзсіз ең артық білім. Затты еліктегіш түсініктер арқылы танып білушілердің арасында біреулері мұны объектінің өзіне жақын түсініктер арқылы таниды, екіншілері объектіден біраз алшақ түсініктер арқылы, үшіншілері объектіден бұдан да алшақ түсініктер арқылы, төртіншілері объектіден мүлде алшақ түсініктер арқылы таниды. Әрбір халықта және әрбір қала тұрғындарында бұл заттар өздеріне әбден мәлім түсініктер арқылы бейнеленеді. Әрбір халыққа әбден мәлім түсініктердің не көпшілігінде, не ішінара айырмашылықтар болуы мүмкін, сондықтан әрбір заттар бір халықтан екінші халыққа қарағанда басқаша бейнеленуі мүмкін. Міне, сондықтан да әртүрлі қайырымды қалалар мен қайырымды халықтардың сенетін бақыты мен көздейтін мақсаты бір бола тұрса да, бұлардың діндері әртүрлі болуы мүмкін.

Осы жалпы заттар өздеріне сәйкес келетін дәлелдемелер арқылы танылғаннан кейін, бұлар жөнінде ешқандай талас болмасқа тиіс – жалған білгіштікке негізделген талас та, мәселенің мәнісін түсінбеушілікке негізделген талас та болмауы керек, өйткені бұл ретте таласушының көңілге тоқығаны нақ сол мәселенің шынайы төркіні жайындағы білім емес, жалған ұғым болып шығар еді. Ал осы жалпы заттар еліктегіш түсініктер арқылы танылған болса, бұл еліктегіш түсініктерде талас нәрселердің болуы мүмкін, оның бергі жағында еліктегіш түсініктердің біреулерінде мұндай нәрселердің аз болуы, екінші біреулерінде көп болуы, біреулерінде бұлардың неғұрлым айқын, екінші біреулерінде неғұрлым көмескі болуы мүмкін.

Заттарды еліктегіш түсініктер арқылы танып білетіндердің арасында даулы нәрселерді байқағаннан кейін осыған тоқтап қалушылардың болуы мүмкін.

Мұндайлар бірнеше категорияға белінеді:

1. Жетекшілікті керек ететіндер. Бұлардың әлдебірeyiнің ойынша, бірдеңе жалған болып шыкса, ол екінші түсініктің, ақиқатқа неғұрлым жақын тұрған және мұндай талас туғыза алмайтын түсініктің дәрежесіне көтеріледі. Егер ол осыны қанағат ететін болса, ол осыған токтайды, ал егер оған мұндай түсінік те қате болып көрінсе, ол бұдан да әрі көтеріледі. Егер көңіліне ұнаса, ол осыған тоқтайды. Сөйтіп әрдайым белгілі бір сатыдағы түсінік, оның ойынша, қате болып шыққан сайын, ол неғұрлым жоғары сатыға көтеріледі. Ал егер түсініктің бәрі оған жалған болып көрінсе, мұның мәнісі – оның бойында ақиқатты танып білетін дарын бар деген сөз.

2. Надан қалалардың кейбір максаттарын нысана тұтушылар – сый-құрмет, молшылық, байлық рахаты сияқты нәрселерге бой ұрушылар екінші басқа категорияға жатады. Қайырымды қаланың заңдары мұндай нәрселерге, тыйым салатынын көріп, олар қайырымды қаланың көзқарастарына ден кояды да, бұлар ақиқат бейнелері бола ма, әлде өздігінен сол ақиқатка бейім нәрсе бола ма, әйтеуiр осының бәрін бұрмалауға тырысады. Бұл бейнелердің екі түрлі жолмен бұрмалануы мүмкін: біріншіден, талас туғызуы мүмкін тармақтар арқылы, екіншіден, жалған білгіштік пен алдау арқылы бұрмаланады. Ал ақиқаттың өзі жалған білгіштік пен алдау арқылы ғана бұрмаланбақ. Мұның бәрі олардың надандық және сұмпайы мақсатына жетуіне ешнәрсе де бөгет болмауы үшін істеледі, сондықтан мұндайлар қайырымды қала бірлестігінің мүшелері болуға тиісті емес.

3. Түсініктерде талас нәрселердің болуы салдарынан, сондай-ақ ұғымның нашарлығы салдарынан ұғым біткеннің бәрін жалған деп білетіндердің тағы да бір категориясы бар, бұлар осы түсініктердің қайсысы ақиқат екенін ажырата алмайды, сөйтіп ешбір талассыз түсініктерді де жалған деп есептейді. Бұл адамдар жоғары көтеріліп, ақиқатты танып білу мақсатымен оған жакындай бастаған кезде, ұғымының нашарлығы себепті бұлар одан ауа жайылып кетеді де, ақиқатты шындықтағыдан басқаша деп ұғынады, оның бергі жағында өздері көңілге тоқыған жалған ақиқатты нағыз акиқат деп ойлайды. Егерде бұларға өз түсінігі жалған болып көрінсе, бұлар өздері қабылдаған нәрсені емес, көнілге тоқылған ақиқаттың өзі жалған деп ойлай бастайды. Бұдан олар мынадай корытындыға келеді: тегінде ешқандай ақиқат жок, және ақиқатқа жеттім деп ойлаушы әрбір адам тек қана өзін-өзі жұбатумен жүреді, ал жұрт алдында ақикатқа жеткіземін деп күпінуші адам тек қана өтірікші әрі суайт, ол осылай тілін безеп ұлық болуды көздейді немесе баска бір нәрседен дәлелденеді. Осының нәтижеcінде мұндай адамдардың бағзы біреулері абыржып қалады, ал екінші біреулерінің ойынша, – нәрсеге алыстан көз салатын немесе бірдеңені түсінде көретін адамдардың басында болатыны сияқты, – ақиқаттың болуы хақ, бірақ адам оны танып-білуден алыс жатыр, ал оның себебін анықтауға, бұлардың ойынша, адамның ақыл-парасаты жетпейді. Өздері пайымдаған нәрсені бұрмалауға тырысып, пайымдалған нәрсені ақиқат деп санамай, олар: ақырында, ақиқатқа жеттік деп ойлайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button