Жаңалық

300 ерікті арнайы оқу курсынан өтеді

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Қазақстан волонтерлер лигасы» қоғамдық ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Осының негізінде шаһардағы 11 ЖОО мен мамандандырылған орта оқу орындарының 3000 студенттерінің арасынан 300-ге жуық волонтер кәсіби даярлықтан өтіп, олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы, көмек көрсетуші волонтерлер қатарында болмақ. Ол үшін волонтерлердің жол шығындары қажеттіліктері толық өтелмек.

Волонтерлер іріктеуден өткен соң «Bilim», «Qamqor», «Umit», «Sabaqtastyq», «Taza Alem» және «Saulyq» 7 салалық бағыттары бойынша және Шымкент қаласы ТМД елдері мәдени астанасының салтанатты ашылуында волонтерлердің қызметіне байланысты жұмыс жүргізу болып табылады.

Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістететін шараның жоғары деңгейде өтуіне волонтерлердің жұмысын жүйелі ұйымдастыру аса маңызды.

«Қазақстан волонтерлер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязованың айтуынша, волонтерлерді іріктеуде олар ең әуелі жастардың патриот болуы, жауапкершілігі жоғары және қазақ, орыс, ағылшын тілін жақсы меңгеруіне де мән беретінін жеткізді.

ТМД елдерінің мәдени астанасының салтанатты ашылу рәсіміне 300-ге жуық волонтер арнайы курстан өтетін болады. Ал жыл соңына дейін аталмыш лиганың үшінші мегаполистегі өкілдерінің санын 3000-ға жеткізу көзделген.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button