Жаңалық

«Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» көрмесі ашылады

4 наурызда, сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» көрмесінің тұсауы кесіледі.

Аталмыш көрме елдің саяси жүйесіндегі Қазақстан халқы ассамблеясының маңыздылығын бейнелеуді көздейді. ҚХА-ның орны оның Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының бастамалары мен саяси рөлі арқылы көрініс табады. Бұл мақсатты жүзеге асыратын көрме жәдігерлері тәуелсіздіктің негізгі жемісіне айналған Ассамблеяның мақсаты мен идеясының өркендеу тарихынан сыр шертетін құнды материалдар жүйесін қамтиды. Келушілер назарына Елбасының жеке архивінен алынған құжаттар мен фотосуреттер, Тұңғыш Президенттің қоғамдық марапаттары сияқты Елбасы кітапханасы жинақтарының материалдары ұсынылады.

Қазақстан халықтарының ассамблеясы (2007 жылдан бастаеп Қазақстан халқы ассамблеясы), Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылдың 1 наурызында құрылды. Кеңесші орган ретінде Ассамблеяны құру идеясын Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы, тәуелсіздіктің алғашқы мерейтойына арналған Қазақстан халқының алғашқы форумында айтқан болатын. Конституциялық реформаның нәтижесінде, 2007 жылы конституциялық мәртебеге қол жеткізген Ассамблея Парламент Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығына ие болып, саяси-басқарушылық рөлін едәуір арттырды.

Бүгінде Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттегі ұлттық саясаттың құралы ретінде қызметін қоғамдық-саяси тұрақтылықты орнатуға, оны барынша нығайтуға, этносаралық қатынастар саласында қоғамның мемлекеттік, азаматтық институттарын өзара тиімді ықпал етуін қамтамасыз етуге бағытталады.

Халықаралық қауымдастық Елбасы бастаған Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің «қазақстандық үлгісі» деп таниды және мойындау арқылы зор құрмет білдіреді.

Көрме 2020 жылдың 27 сәуіріне дейін жалғасады.

«ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасының кітапханасы» ММ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button