Жаңалық

«Құлагер» спектаклінің премьерасы өтті

Қазақта Құлагерді көп айтады.

Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында «Құлагер» спектаклінің премьерасы өтті. Саунтдрама жанрындағы қойылымды дайындауға бір жылдам астам уақыт кеткен екен.  Режиссер  спектакльде «Құлагер» арқылы қазақ арыстарының болмысын барынша бүкпесіз көрсетуді басты мақсат еткенін айтады. Премьераға келгендер көп. Тіпті орын жетпегендер екі сағат бойы тік тұрып тамашалады. Көрермендердің сөзіне сүйенсек, қойылым жоғары деңгейде шыққан. Спектакль барысында көздеріне жас алғандар да болды. Келушілер қойылым соңында рухани тұрғыда демалып қайтқандарын айтты.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button