Жаңалық

Алматыда жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты ашық талқылау өтті

Латын графикасына көшкенде қазақ тілінің әліпбиі мен грамматикасы емлеге бағынуы керек. Сонда ғана ана тіліміздің ерекше өзіне тән табиғаты сақталады. Бүгін ғалымдар жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты ашық талқылау өткізді. Жиынға қатысқан филологтар мен тіл жанашырлары бірнеше ұсыныстар айтты. Сөздерінше, әліпбидегі әріптерді дұрыс таңбалау қажет. Сонда ғана қазақ тіліне тән әріптер қолданыстан жойылмайды және мәнін жоғалтпайды. «Ережені біз әлі бұзыңқырап келе жатырмыз. Өйткені бұрынғы орысша таңбалау ережелері санамызда бар. Сондықтан кейбір сол ұсыныстарда көрініс тауып жатыр. Біз ғалымдар олай болмайды деп айтамыз. Біріншіден, бір таңбамен ғана таңбалау керек деп біз оны қазір орнына келтірдік», – деді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button