Жаңалық

Рушылдықтың арқасында Қытайды жеңгенбіз

Ол оқиға 1756 жылы болып еді.

Цин империясы жоңғардан соң, біздің де саудамызды бітіру үшін Хадах және Дарданг дейтін генералдарына 20 мың қолды бастатып, қазақ жеріне жұмсайды. Ақтық соғыстың алдында, Абылай хан кіл Дулаттан тұратын, тек Қыпшақтан құралған полктарды жасақтайды. Қарап тұрсаң, ең маңызды сәтте, әскерді ру-руына байланысты бөлу дұрыс емес сияқты ғой?! Бірақ, сол ұрыста қытай армиясының талқанын шығарып жеңіппіз.

Бар мәселе мынада: Әртүрлі рудан құралған армия, жағдай қиындап кетсе, майданды тастап қашып кете алады екен. Ол кезде ешбір жауынгер өзін қор сезінбейді. Себебі, «мен ғана қашқам жоқ, бүкіл қазақ қашты», – деп ақтала алады. Ал енді, Абылай хан әр рудан жеке-жеке полк жасағанда ешкім шегінбеді. Неге? Себебі белгілі бір рудан құралған полк шегінсе, басқа рулар оларды өмір бойы мазақ қылар еді. Сол үшін, жанын пида етті.

Айтпақшы, өз руының абыройына дақ түсірмеймін деген пидагерлікті тек соғыста ғана емес, елдің баюына, экономиканы өрлетуге пайдалануға да болады. Ол қалай дейсіз бе?

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button