Жаңалық

«Кежім табақ» – ғасыр табағы

Бұл қандай табақ? Неге «ғасыр табағы»? Бұл табақтың ерекшелігі неде?

Әрбір істің бір қайыры болардай,

Әрбір қыстың бар өзіндік көктемі.

Еламан Әмірғазы

Барлығының бір қайыры бар. Елдегі жағдайды шаттықпен айта алмасақ та, бала тәрбиесіне, тазалыққа, гигиенаға, дастархан мәдениетіне көңіл бөлетіндей-ақ мүмкіндік туды. Прологтың айтайын дегені осы.

Сөз дастархан мәдениеті, табақ тарту жосындары жайында.

Қазір бас салынған табақтың барлығы «бас табақ», жамбас салынған табақтың барлығы «сый табақ» болып жүр. Анығында қайсысы «орта табақ», қайсысы «жеңге табақ», қайсысы «аяқ табақ» екенін ешкім ажыратып жатпайды. Үлкенге тартылса, «бас табақ», жастарға тартылса «орта табақ» болып жүр. Бағзыда бұлай емес еді-ау?!.

Табаққа салынған әр кәделі еттің, сүбелі мүшенің лайықты иесі бар еді. Жігітке төстің майын жегізу, балаға құйрық майды қылғыту, қарасақалға жілік майын шағып беруде де өзіндік мән бар еді. Мұның анықтамасын медицина бере жатар.

Осындай көп табақтың «Кежім табақ» деген де түрі бар. Бұл табақтың тартылмағанына табаны күректей 172 жыл болыпты. Ұмыт болды деуге ауыз бармайды. «Кежім табақ» – ғасырында бір тартылатын табақ түрі. Себебі: бұл табақты бір шаңырақ бір-ақ рет тарта алады (әйтпесе қазақта қой аз болып па?!).

1848 жылы Құнанбай қажы Абақ керей еліне барады. Арқаның аға сұлтанына Шәку би осы «Кежім табақты» тартса керек.

«Кежім табақта» бір қойдың етін түгел тартылады. Малдың төсі бұзылмайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button