Жаңалық

Соғыс ардагерлері 1 миллион теңге сыйлық алады

Шымкент қаласында Жеңістің 75 жылдығына орай, соғыс ардагерлеріне сыйлыққа қомақты қаражат бөлінді. Нақты айтқанда, шымкенттік қырық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 1 млн. теңгеден беріледі.

Сондай-ақ, 9 мамырға ақшалай төлем ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған. Атап айтқанда, 3851 тыл ардагеріне 33 336 теңге, 1490 соғыс ардагеріне теңестірілгендерге 100 000 теңге, 31 қызметтік міндеттерін атқару кезінде жараланып, мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге тұрмаған әйелдеріне 33 336 теңге, қайтыс болған 224 ҰОС мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне 33 336 теңге беріледі.

Бұдан бөлек, Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған бес азаматқа 63 894 теңгеден, бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде мүгедек болып қалған 346 әскери қызметшілерге 105 564 теңгеден біржолғы ақшалай төлем қарастырылған.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button