Жаңалық

Солдаттардың құрметіне 75 көшет отырғызылды

Ағымдағы жылдың 25 мамыры күні елімізде ағаш түптерін отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

«Жеңіс бағы» халықаралық акциясы аясында өткізілген іс-шара Ұлы Жеңіс 75 жылдығына арналды.

Жобаның үйлестірушісі – «Atamnyn Amanaty» қоғамдық қоры. Аталған қор «Жеңіс еріктілері» Бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының серіктесі болып табылады.

Акцияның мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында ерлікпен күресіп, қаза тапқан болмаса жоғалып кеткен қазақстандық жауынгерлердің естеліктерін ағаш түптерін егу акциясы арқылы халық жадында сақтау. Сонымен қатар көпшілікті біріктірудің арқасында халықтың ауызбіршілігін арттыру.

Алғашқы 75 көшет Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық саябақтың аумағына отырғызылды.

Алдағы уақытта «Жеңіс бағы» акциясы аясында 600 мың көшет отырғызу жоспарда бар. Олардың әрқайсысы Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен солдаттардың құрметіне отырғызылады.

Әрбір қазақстандық азамат өз қалауымен барып, ағаш түптерін отырғызуына болады. Бұл ата-баба рухына тағзым көрсетіп, алғыс айтқанының естелік символы іспетті.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button