Жаңалық

«Қалың қазақтың қадірлісі» атты онлайн кездесу өтті

27 мамыр сағ.15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековпен «Қалың қазақтың қадірлісі» атты онлайн кездесу өткізеді.

Онлайн кездесуде профессор М. Жолдасбековтың өнегелі өмір жолы мен  мемлекет ісіндегі қажырлы еңбегі, қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі және ғалымның қазіргі таңдағы шығармашылығы жайында әңгімелейді.

Іс-шара барысында күйші, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жанғали Жүзбай, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор Тұрар Әліпбаев, өнертанушы, күйші Ардаби Маулет күй  шертіп, әнші Жазгүл Данылбаева ән шырқайды.

Онлайн іс-шара қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана парақшасында тікелей эфирде өтеді.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100046091019596

ҚР ҰАК баспасөз қызметі: 

Тел.  47 26 54, 8 778 917 51 56, Әсем

эл.почта: asemai1@mail.ru, Достық  көш.11

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button