Жаңалық

Каспийде демалу қанша тұрады?

Жаз айларында шетел асатын әрбір қазақстандық кем дегенде 500-ден бастап, 1000 АҚШ долларына дейін жұмсайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ал еңбек демалысын Каспий жағасында өткізгісі келген жан қанша теңгеге шығындануы керек? Отбасылық демалыстың осы түрі жанұя бюджетіне қалай әсер етеді?

Ақтаудағы қонақүйлер бірі үлкен аквапаркімен, енді бірі теңіз суы құйылған терең бассейнімен ерекшеленеді. Ақтауда төрт аквапарк бар. Біреуі қолданыста, үшеуі салынып жатыр. Соның бірі 15-шағын аудандағы қонақ үйдің аумағында орналасқан. Қазір құрылыс жұмыстары 90 процентке аяқталып тұр.

Мамандардың айтуынша, бұл біздің еліміздегі ең биік аквапарк болмақ. Бұдан сіз 21 метр биіктіктен жерге сырғанап түсесіз. Қаладағы аквапарк үш гектар жерді алып жатыр. Оның аумағында серуендеп, сырғанау құны аттракциондардың көлеміне қарай 3-7 мың теңге тұрады. Ал қонақүйде стандартты бөлмеде бір түнге қалған жан 42 мың теңге төлейді.

Бұл сомаға таңғы ас, туристік кешен аумағында атпен серуендеу және жағажайда қолшатыры бар ағаш тапшанда демалу да кіреді. Жалпы бұл қонақүйде 69 бөлме бар.

Ең жоғары баға пакеті үш орындық бөлмені таңдаған адамға ұсынылады. Бір тәулікке кісі басына 110 мың теңгеден сұралады. Жалпы таңдауыңызға қарай 20 түрлі баға пакетін ұсынамыз. Мұнда күніне үш мезгіл тамақтанудан бастап туристердің басқа да тілектері ескеріледі. Қонақүйге тиесілі жағажайда қала тұрғындары да демала алады. Қажетінше сүлгі, қолшатыр және тапшанмен қамтамасыз етеміз. Бұл ретте ақы төлеу қажет, – дейді басқарушы директор Әлішер Қырымов.

Басқа материалдар

Back to top button