Жаңалық

Танымал әнші туды қорлады

Әлеуметтік желіде таралған бейнероликті әнші өзі жариялаған.

Тудың төңірегінде нешеме дау болды. Бейберекет жерде орынсыз жалаулатқандарды жазалап та жатты. Түсіндіру жұмыстары да жүрді. Бірақ әйтеуір осындай жағдайлар алдымыздан мәселе болып шығады да тұрады…

Әнші Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желіге пост жариялады. Балалығын сағынса керек. Сол сағынышпен сарсаң болып отырып, әуелде айтқан мемлекеттік рәмізді бейберекет қолданбау жайын естен шығарыпты.

Аттың үстінде ән салған Нұрболат Абдуллин сол аттың жамбасынан тілерсегіне дейінгі аралықты Мемлекеттік рәмізбен қымтаған. Оның жартысына тағы өзі жайғасыпты…

Тырнақ астынан кір іздегеніміз емес, бірақ дәл осы жағдайға бейтараптық таныта алмадық. Әнші ат үстіндегі қателігін түзеткені жөн шығар. Оның үстіне біздің елде Мемлекеттік Рәміздерге қатысты Заң да бар емес пе?!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button