Жаңалық

Ғалымдар Баянауылдан пандемияға қарсы өсімдік тапты

Ертіс өңірінде дәрілік өсімдіктердің 200-ге жуық түрі бар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

ToU ғалымдары Виктор Камкин мен Тоқтар Бексейітов зерттеу жұмыстарымен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Зерттеу нәтижесінде аймақта дәрілік өсімдіктердің 194 түрі анықталды. Олардың 100-і Баянауыл ауданында өседі. Оларды фитошай жасауға қолдануға болады.

– Қазіргі таңда әлемде экологиялық таза өнімдер сұранысқа ие, олардың ішінде фитошайлар да бар, – дейді Виктор Камкин. – Көптеген елдерде фитошайлардың негізінде ұлттық брендтер қалыптасты. Олардың көбі экспорттық потенциалға ие. Мысалы «Эвалар», «Алтайский кедр», «Сибирское здоровье», «Биолит», «Хорст» және тағы басқалары. Қазақстанда тек «Зерде» өндірушісі бар.

Коронавирус пандемиясы иммунитет көтеретін дәрілік препараттардың сұранысын арттырды. Баянауыл ауданының биоалуандылығы дәрілік шаруашылықты дамытуға сеп. Бар қиындық тәжірибенің жоқтығында. Ғалымдардың айтуынша, қазақстандық нарықты отандық шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жеткілікті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button