Жаңалық

Цукерберг: «Технологияны жетілдіру үшін қауымдастықтар бірігуі керек»

Facebook бес жыл бойы қолданушылар базасын еселеп, пайда табуды аса қатты ойламаса да, енді сол кезде уысына түсіре алмаған пайданың орнын толтырғысы келетіні анық.

Соңғы бес жылда Facebook табысы 2 млрд доллардан 18 млрд долларға артып, өз межесінен тоғыз есе көбейді. Оның қазіргі 20 пайыздық маржамен ең төменгі пайда межесі де жаман емес. Facebook пайда табудың түрлі жолдарын көргенімен, табысының басым бөлігі сенімді әдіс – онлайн жарнамадан түседі.

Дрондар, лазерлер, виртуал шынайылық және 3D видео сынды керемет технологияларды түгелдей дамытып жатқандықтан, Facebook компаниясы ақша жасап, пайда табатын жаңа бизнестерге түрленгісі келетіндей көрінуі мүмкін. Бірақ Facebook осындай және басқа да технологияларды шығарып жатқанымен, бұл жобаларды тегін таратып келеді. Бірнеше жыл бұрын Facebook меншікті серверлері мен дерек орталықтарын құрғанда оларды ашық етіп, әлемге тегін пайдалануға берді. Cassandra және Hadoop сияқты үлкен деректі талдау құралдарын да дәл солай етті. Бұл ақшаны желге шашу сияқты көрінгенімен, мұндай әрекеттер Facebook миссиясымен үйлеседі. Көп компания өз қызметін тұтынушыларға арналған ең үздік электрондық гаджет шығарушы немесе компанияның тиімділігіне қатысты мәселелерді шешуші ретінде айқындаса, Facebook бір ғана – әлемдегі адамдардың барлығын байланыстыру және оларға «барлығын және кез келген нәрсені табиғи жолмен ортаға салу үшін» қажет құралдарды таратуды мақсат етеді.

Осы себептен Facebook бар назарын өзі атқара алатын ең үздік қызметке бағыттаған, ол қызметі – ең үздік әлеуметтік желі болу. Көптеген бизнес-бірлікті дамыту арқылы және түрлендірілген құралдар көмегімен пайда табуға тырысқаннан гөрі ол қолданушылар базасын құрып, өзінің негізгі қызметі – жұмыс істеп тұрған әлеуметтік медиа өнімдерін жетілдіруге назар аударуда. Connectivity Lab өнімдерінің өзара байланысы жоқ дейтіндерге Цукербергтің айтатыны: «Олар шынында бар назарын миссиямызға аударған. Шынайы мақсатымыз – қауымдастық құру. Қай жағынан алып қарасаңыз да технологияны жетілдірудің ең үздік жолы – қауымдастық болып бірлесіп жұмыс істеу».

Facebook жетілдіргісі келетін технологиялармен жұмыс істеп жүрген компаниялармен салыстырсақ, Facebook компаниясының атқарып жатқаны мардымсыз көрінуі мүмкін. Бірақ Цукерберг үнемі ізденісте жүретін адам және ол технология әлемі тым баяу әрі кеш дамып жатқанын сезеді. Мысалы, Facebook компаниясының лазерлі дрондары қазір телекоммуникация компаниялары пайдаланатын және әзірлеген жүйелермен салыстырғанда шалғай аудандарды, ауылдарды және қалаларды үнемді әрі жоғары жылдамдықты желімен қамтамасыз ететін болады. «Әлемде өмір сүру үшін нақты бір технологиялар керек, ал біз соларды жасаймыз, – дейді Цукерберг. – Біз [серверлерді] немесе камераларды я болмаса байланыс қызметтерін сатып жатқанымыз жоқ. Бірақ оларды ешкім жасамаса, біз жасаймыз». Болашағы қандай болса да, Facebook өзінің миссиясын жүзеге асыруға келгенде біршама ғана әрекеттерді орындады. Оның жаңа көпқосымшалы, көп сегмент стратегиясы ауқымды, тығыз байланысқан әлеуметтік құрылымымен бірлесіп, Facebook компаниясына керемет әлеует дарытады. Әлемді интернетпен қамтамасыз ету арқылы Facebook портфолиосындағы қосымшалар мен өнімдерді әркім қолдана алады. Жылдар бойы Facebook төңірегінде «Миссиямыздың бір пайызын ғана орындадық» деген сөз жүрді. Осы күндері Facebook басшылары ілгері бастық, мысалы, 2%-ға жылжыдық деп айта алады. Скептиктер үшін Facebook компаниясы қалай басталғанын еске түсірейік:

[Цукерберг] сайтты іске қосқалы бірнеше күн өтті. Бір күні ІТ маманы досымен пицца жеп, әңгімелесіп отырғанда Цукерберг оған біреу әлеуметтік желі құрайын деп жатқанын және оның тым маңызды екенін айтты. Бірақ ол осыны жасайтын «біреу» дәл өзі екенін аңғармады. Цукербергтен де ересек адамдар және ірі компаниялар бола тұра, Facebook желісін не себепті дәл Цукерберг құрды? «Мұның себебі – біз осы туралы ойлағанымызда. Көп уақыт бойы ол туралы ойлап, оның маңызы туралы толғанғанымызда, – дейді ол. – Facebook желісіне байланысты оқиғалар желісін басынан бастап байланыстыра алмаушы едім. Мен үшін де ол [Facebook болашағының] тарихы болып қалмақ».

Котлер Филип, Армстронг Гари

«Маркетинг негіздері»,

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітап

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button