Жаңалық

Қоғамның 7 түрін білесіз бе?

Қоғам – ұйымның өз мақсаттарына жету қабілетіне нақты немесе ықтимал қызығушылық танытқан немесе оған әсер ететін кез келген топ.

Біз қоғамның жеті түрін анықтай аламыз:

1. Қаржы қоғамдары. Бұл топ компанияның қаражат алу мүмкіндігіне ықпал етеді. Ірі қаржы қоғамдарына банктер, инвестициялық эксперттер және акционерлер жатады.

2. Медиа. Бұл топ жаңалықты, ерекшеліктерді, редакциялық пікірлерді және басқа мазмұнға толы ақпаратты жеткізеді. Оларға телевизиялық арналар, газеттер, журналдар, блогтар және басқа да әлеуметтік медиа құралдары кіреді.

3. Мемлекеттік қоғам. Менеджмент мемлекеттегі өзгерістерді ескеруі керек. Маркетологтар өнім қауіпсіздігі, жарнаманың шындықпен жанасуын және басқа мәселелер бойынша компания заңгерлерімен жиі кеңесуі қажет.

4. Азаматтық қоғам. Компанияның маркетингтік шешімі тұтынушы ұйымдары, қоршаған ортаны қорғау топтары және т.б. топтардың сұрақтарына жауап беруі керек. PR бөлімі компанияның тұтынушылар мен азамат топтарымен қатынаста болуына көмектеседі.

5. Ішкі қоғам. Бұл топқа қызметкерлер, менеджерлер, волонтерлер және директорлар кеңесі кіреді. Ірі компаниялар өзінің ішкі қоғамын ақпараттандыру және ынталандыру үшін жаңалық бюллетеньдері мен басқа құралдарды пайдаланады. Қызметкерлер өзі жұмыс істейтін компаниясы жайында жақсы пікірде болса, бұл оң көзқарас сыртқы қоғамға таралады.

6. Жалпы қоғам. Компания өз өнімдері мен қызметіне деген жалпы қоғамның көзқарасына мән беруі керек. Компания туралы қоғамдық көзқарас қоғамның сатып алу әрекеттеріне ықпал етеді.

7. Жергілікті тұрғындар. Бұл топқа жергілікті тұрғындар қауымдастығы мен ұйымдары кіреді. Ірі компаниялар әдетте өзі жұмыс істейтін мекендегі жергілікті қауымдастықтың жауапты мүшесі болуға тырысады.

Котлер Филип, Армстронг Гари

«Маркетинг негіздері»,

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітап

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button