Жаңалық

Биыл қанша ауыл интернетпен қамтылады?

Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкіметтің онлайн отырысында айтты.

Бүгінгі таңда барлық қала мен 4500-ден астам ауыл әртүрлі технология бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл  соңына дейін жалпы 5200-ден астам елді мекенге интернет жеткізіледі. Интернет желісін дамыту бойынша елде 2 ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі – МЖӘ арқылы оптикалық интернетті тарту. Жоба бойынша 2,4 млн адам тұратын 1264 ауылға интернет желісі тартылып жатыр. Биыл 1000-ға жуық ауыл желіге қосылып жатыр, – деді ол.

Министр пандемияға қатысты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Жобаға 75 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Жоба аясында 3700 мемлекеттік органға байланыс тартылды. Екінші жоба – 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды мекенді 3G және 4G технологиялары бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді. Қазіргі таңда олардың 72-сі қамтамасыз етілді, – деді ол.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button