Жаңалық

Қазақстанға Түркиядан гуманитарлық көмек келді

Қазақстанға Түркиядан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды 24.kz

Анкарадан Нұр-Сұлтанға гуманитарлық көмек жіберілді. Бауырлас елден жөнелтілген жүктің салмағы 1,5 тоннаға жуық. Онда 100 мың дана бір реттік маска, 2000 дана қорғаныс киімдері, 2000 дана бетперде, 2000 дана көзілдірік пен 2000 дана медициналық бахила бар.

Көмекті еліміздің Түркиядағы елшілігінің ұйытқысымен “KayaTurk Group” компаниясы ұйымдастырды. Аталған өнімдер Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы алдыңғы шепте күресуші қызметкерлерге беріледі.

Айта кеткен жөн, алыстағы ағайын бұған дейін бірнеше рет гуманитарлық көмекпен қоса қауіпті індетке қарсы арнайы препараттар жөнелткен болатын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button