Жаңалық

«Фараби сазы» оркестрінің тұсауы кесілді

Елорда күні және Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында тұңғыш оқушылардың «Фараби сазы» оркестрінің тұсауы кесілді.

 

 

Мән-маңызы мен мақсаты:

Елорда күні мерекесін және оның қалыптасуы мен өркендеуіндегі Елбасының ерен еңбегін жан-жақты насихаттау;

Халқымыздың қасиетті аспабы домбыраның мәні мен маңызын түсіндіру. Ұлттық домбыра күні мерекесі қарсаңында әл-Фараби есімін иеленген оқушылар сарайының «Фараби сазы» оркестрінің тұсауын кесіп, қалың жұртшылыққа таныстыру;

Елордамыздағы талантты оқушылардың өнеріне құрмет көрсету арқылы олардың бойында еліне, ұлтына деген сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыру.

«Фараби сазы» оркестерінің көркемдік жетекшісі – ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қорғанбек Шолпан Ділдәбекқызы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button