Жаңалық

Күйшілер байқауы жарияланды

«Күй – өнер, өнер – өнеге» онлайн күй байқауы жарияланды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында «Күй – өнер, өнер – өнеге» онлайн күй байқауы жарияланды.

Байқауға қатысу үшін үміткерлерден өз орындауындағы күйді бейнеге түсіріп, күй және оның авторы туралы қысқаша мәлімет берілген бейнебаянды «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесіне жіберу талап етілді. Байқауға Ақмола облысының әр аудандарынан 18 оқушы қатысуға тілек білдіріп, жеке орындаудағы күйлердің бейне жазбаларын ұсынды.

Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесімен өңірдегі алдынғы қатардағы өнерпаздардан құрылған қазылар алқасының жұмысы ұйымдастырылып, байқаудың қорытындысы жасалуда.

Байқаудың қорытындысы ағымдағы жылдың 20 шілдесіндле «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button