Жаңалық

Эпидемияға қарсы не істеліп жатыр?

Эпидемияға қарсы шаралардың іске асырылу барысы

Елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз.

Коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсуі 1,2 пайыздан аспайды.

Қазіргі уақытта емделіп шыққан адамдар барлық ауру жұқтырғандардың 69,4 пайызын құрайды, қалған науқастар қажетті медициналық көмек алуда.

Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, аптаның қорытындысы бойынша, инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1 төмен келесі облыстарды атап өтуге болады.

Бұл – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары.

Сонымен қатар, инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1 жоғары келесі өңірлерде тіркелген. Бұл – Қостанай мен Ақмола облыстары.

Бұл өңірлерде жағдай күрделі және осы өңірлер әкімдері эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аударулары қажет.

Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитариялық нормаларды, маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек.

Қазіргі таңда, әлемдік статистика 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отыр.

Пандемияның жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін және оған дайын болуымыз керек. Әрі оны алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенің іске асыру қажет. Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button