Жаңалық

Мемлекеттік хатшы «Сарасөзде» не айтты?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев “Сарасөз” бағдарламасында “Рухани жаңғырудың” бағыт-бағдары туралы және басқа да мәселелер туралы айтып берді деп хабарлайды Toppress.

“Ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып “Абай” каналының ашылуыымен құттықтағым келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы 10 тамызды “Абай күні” деп белгілегенін білесіздер. Біз үшін бұл маңызды күн”,- деді Мемлекеттік хатшы.

Қырымбек Көшербаев пандемияға байланысты да өз пікірін білдірді. Пандемиядан кейін әлем мүлде өзгеретінін айтты. Рухани ізденісте болуымыз керектігін ерекше атап өтті.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасының қазір жаңа тынысы ашылуы керек. Жаңа заманның келбетінде жаңа жобалар пайда болуы керек. Оларды тек зиялы қауыммен бірлесе отырып жасай аламыз”,- деді мемлекет қайраткері.

Пандемия кезінде отбасылық және  рухани құндылықтардың бірінші орынға шыққанын айтты.

“Осы жылы Абайдың 175 жылына  бөлінген қаражаттың көп бөлігін әлеуметтік жобаларға қолданып жатырмыз. Көп іс-шара қысқартылды. Президентіміз айтқандай”қазір той тойлайтын уақыт емес”,- деді Қ. Көшербаев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button