Жаңалық

Қариялар кеңесі 300 отбасыға үй салдырып жатыр

«Жамбыл облысының «Рухани Жаңғыру» жобалық офисінің бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынды.

Асар – бұрыннан келе жатқан қазақ дәстүрі. Ағайын, ауылдастар арасында егін жинау, үй тұрғызу сияқты тіршіліктер ауыл адамдарының асарлатуымен аяқталатын болған. Міне, осы қанымызға сіңген игі дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында облыста 300-ден астам жағдайы төмен отбасына тұрғын үйлер салынуда. Өңірде күрделі жөндеуден өтіп жатқан мемлекеттік мекемелерден шыққан жарамды құрылыс материалдары қолданылса, «Атымтай жомарт» азаматтар да демеушілік көрсетуде. Ал үйлер ауыл азаматтарының күшімен соғылуда. Айта кетерлік жайт, мұқтаж отбасы ауыл ақсақалдарының шешімімен анықталуда. Осы күзден бастап үйлер пайдалануға беріледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button