Жаңалық

Алтын орданың ыдырау кезеңі туралы не білесіз?

Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Қазақстан өзінің мемлекеттілік дәстүрінің қалыптасуында осы тарихи кезеңге үлкен мән береді.

Осыған орай Успен ауданы, Успен ауылы Сауық орталығының ұйымдастыруымен Алтын орданың 750 жылдығына арналған «Алтын орданың ыдырау кезеңі» моно спектаклінен үзінді қойылды. Моно спектакльге Успен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, моно спектакльді қоюдың мақсаты − ұлы тарихымыз арқылы ұрпақтарға ұлыт пен Баба мұратын асқақтататын ержүрек, білімді, елі мен жерін қорғап сақтайтын адал ұрпақ болуға шақыру, ел мен жердің қадіріне жетіп, арман мүддесін асқақтату.

Шағын спектакльдің қоюшы режиссері және Қазтуған жырау бабамыздың рөлінде − Успен аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі   Ербақ Құрметжанұлы, Жәнібек ханның рөлінде − аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Бөкен Жігерұлы, ал Асан қайғы рөлінде аудандық мәдениет үйінің қызметкері, актер − Омарғазы Күлайдарұлы.

Моноспектакль @dosugcentrusp инстаграм парақшасында жарияланып, оқырмандар мен аудан тұрғындары Алтын Орданың тарихымен көрініс арқылы таныс болды. Сонымен қатар моно спектакльді инстаграм парақшасы арқылы тамашалаған оқушылардың тарихқа деген қызығушылықтары артты.

Жалпы алғанда Успен ауданының білім, мәдениет бөлімдерінің, кітапханалар мен мектептердің әлеуметтік желідегі парақшаларында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған онлайн көрмелер, презентациялар жариялануда.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button