Жаңалық

Халықаралық конференцияның мақсаты қандай?

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі көшбасшылық және еріктілік тақырыбына арналған «Инновацияларға арналған Серіктестік-P4I» аймақтық төрт жылдық бағдарламасы аясында «Даму тарихы: ішкі көзқарас» атты 11-ші Халықаралық конференцияның ашылуына қатысты.

Конференцияның ашылуында Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет,  USAID миссиясының директоры Кристофер Эдвардс,  БҰҰ еріктілер бағдарламасының Еуропа және ТМД бойынша аймақтық кеңсесінің өкілі Дмитрий Фришин,  Кенхи университетінің профессоры Анселмо  Ли,  Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің заң шығару палатасының депутаты Бобур Бекмуродов, Тәжікстан Республикасы Қоғамдық кеңесінің хатшысы Нурали Саидов,
Қырғыз Республикасы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің өкілі Мирлан Парханов құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияға қатысушылар әлеуметтік мәселелерді шешуге азаматтық қоғамды тартудың халықаралық тәжірибесін таныстырды, пандемия кезеңінде азаматтық секторды белсенді тарту үрдістері туралы атап өтіп, аталған салаға инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша өз болжамдарын айтты.

Спикерлердің айтуынша, волонтерлік қызмет бүгінгі әлемдегі күрделі кезеңде азаматтық секторды жандандырудың көрнекі үлгісіне айналды.

Қазақстанда волонтерлік қызмет даму табалдырығын аттады. Волонтер жылы аясында елімізде ауқымды жобалар жүзеге асырылуда, олардың саны 40 жүйелі іс-шараға жетеді.

Бүгінгі таңда елімізде 30 мыңнан астам еріктілерді, 2,5 мыңнан астам волонтерлік ұйымдарды біріктіретін qazvolunteer.kz
онлайн-платформасы, волонтерлікті қолдау бойынша 17 өңірлік орталығын біріктіретін республикалық фронт-кеңсе сәтті жұмыс істеуде, әлеуметтік бағыттар бойынша 7 жалпыұлттық волонтерлік жоба іске асырылуда.

Сондай-ақ, Қазақстанның табысты тәжірибесі шетелдік спикерлер тарапынан да атап өтілді. Мысалы, БҰҰ еріктілер бағдарламасының Еуропа және ТМД бойынша Өңірлік кеңсесінің өкілі Дмитрий Фришин Қазақстан жинақталған волонтерлік тәжірибесімен бөлісу бойынша алғашқы қадам жасағанын, БҰҰ Халықаралық еріктілерінің саны өсіп, тұрақты даму бойынша жобалар іске асырылып жатқанын және осы оң тәжірибе басқа елдермен білім мен тәжірибе алмасуды жақсартуда үлгі болып табылатынын атап өтті.

Айта кетейік, болашақта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жақында қабылданған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр, онда жаңа деңгейдегі азаматтық қоғамды дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі тәсілдер көзделген.

Іс-шара туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады https://www.facebook.com/PartnershipforInnovations

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button